Алматы облысында 6253 жас маман «Дипломмен ауылға» жобасының игілігін көрді

Dalanews 28 қаң. 2019 09:37 1042

Алматы облысында «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырыла бастаған 2009 жылдан бастап өткен жылдың соңына дейін 6253 маман жалпы сомасы 785,3 млн.теңге көтерме жәрдемақы алған, соның ішінде 2018 жылы 571 жас осы жобаның игілігін көрген.

Осы «Дипломмен ауылға» жобасына қатысушылар ауылдық жерлерде түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, олардың 4328-і - білім саласының, 1487-сі - денсаулық сақтау, 113-і - мәдениет, 40-ы - спорт,  49-ы - әлеуметтік қамсыздандыру және 236-сы - агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандары.

Осы жоба аясында тұрғын үй сатып алу несиесі жалпы көлемі 7,7 млрд. теңге көлемінде 2912 маманға берілді, соның 394-і 2018 жылы алды.

2019 жылы көтерме жәрдемақыны 176750 теңге мөлшерінде 742 маман, бюджеттік несие 3787,5 мың.теңге мөлшерінде 523 маман алады деп жоспарланып отыр.

Атап өтсек, 2009 жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бір маманға шаққандағы көтерме жәрдемақының көлемі 70 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несиелер 2010 жылдан бері 1500 АЕК көлемінде беріледі. 2012 жылдан бастап әлеуметтік қолдаудың аталған шараларын ветеринария саласының мамандары да алды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар