Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов Жолдауды талқылаған жиында мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Жолдауда Үкіметке алдағы жылдың жылдың алғашқы айынан бастап ең төменгі айлықты бір жарым есеге көтеруді тапсырған болатын.
Бұл жалақы 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өседі деген сөз.
Бұл міндет өңіріміздегі 100 мыңға жуық тұрғынға тікелей қатысты, соның ішінде 41 мың бюджеттік ұйым қызметкерлеріне еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға өседі», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Осы ретте, өңір басшысы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовқа, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаржы қажеттілігін анықтап, оны 2019 жылға арналған бюджетте қарастыруды тапсырды.