Алматы облысында тегін 10 сотық жерлер беріліп жатыр деген ақпарат тарады. Облыс әкімдігі бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облыс әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"2025 жылы тегін 10 сотық жер учаскелерінің берілетіні туралы таралған ақпарат қате екенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда бақша массивтерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар олардың мақсатты тағайындалуын ЖТҚ немесе жеке шаруашылық жерлері (ЖШЖ) ретінде өзгерту жоспарлануда. 2025 жылы жалпы ауданы 123 гектарды құрайтын 23 бақша массивін қосу жоспарланып отыр", - дейді әкімдік өкілдері.
Интеграциядан кейін бос жер учаскелері пайда болған жағдайда, олар кезекке сәйкес беріледі.
Алматы облысында 2025 жылға жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған тегін 10 сотық жер алу кезегінде шамамен 1 284 488 адам бар. Алайда, 2024 жылғы мәліметтер бойынша, облыста биыл ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жоспарланбаған, себебі кезекшілерге беру үшін дайын бос жер учаскелері жоқ. 2023 жылы Алматы облысында 4 300 жер учаскесі берілген, бұл кезекке тұрғандардың жалпы санының 0,4%-нан азын құрайды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Жер учаскелерін беру процесі алаңдар дайын болған және бос жерлер пайда болған сайын жүзеге асырылады, бұл шектеулі ресурстар мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.