2024 жылдың 11 мамырына дейін өтетін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын өткізу мақсатында Алматы облысының іс-шаралар жоспары жасалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоспарда елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша 5 ірі және 30 аудандық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу және күту қамтылған.

Қазіргі уақытта акция аясында 30 000 ерікті жалғызбасты және қарт адамдарға үйлерін ретке келтіруге көмектесуде.