Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастады.
Осы жылдар ішінде ол хирург, Үшарал қаласының орталық қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, "Түрксіб" санаторийі" ААҚ бас директоры, № 7 қалалық клиникалық ауруханасының хирургі, қаладағы "Емдеу-диагностикалық орталығы" амбулаториясында жұмыс істеді. Алматы қаласы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы "Қарасай аудандық орталық ауруханасы" МКМ директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы, Алматы қаласындағы "Алматы өңірлік онкологиялық диспансерінің" медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары болды.
2018 жылдың шілдесінен бастап - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары. Бұған дейін Бауыржан Ысқақ Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.