Алматы облысы «Сапалы білім» номинациясы бойынша World Innovation Award 2024 жүлдесін жеңіп алып, халықаралық деңгейде танылды. Аймақ табысты білім беру жобалары мен реформаларының арқасында 128 ел арасында көш бастады.
Негізгі жетістіктер:
- Жаңа мектептер: 19 мектеп салынды, 18 мың оқу орны құрылды.
- Жеке инвестициялар: жеке қаражат есебінен 5 заманауи мектеп салынды. Үш ауысымда оқитын мектептер саны 52-ден 39-ға дейін төмендеді.
- Халықаралық ынтымақтастық: 12 оқушы Қытайда оқуға грант алды, сондай-ақ Қонаевта шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын құру туралы Меморандумға қол қойылды.
- Таланттарды қолдау: "50 табысты мектеп" бағдарламасы 42 мың оқушы мен 3 мыңнан астам педагогты қамтыды. 145 оқушы олимпиадалардың жеңімпаздары атанды, олардың 14-і халықаралық байқауларда медаль алды.
- Білім беруге Инвестициялар: 207 мектепте 236 кабинет үшін жабдық сатып алынды. 2024 жылы материалдық-техникалық базаны жаңартуға 590 млн теңге бөлінді.
Нәтижелер:
- Мектептердің жабдықталуы 75,5% — ға, оқушылардың білім деңгейі 66,1% - ға дейін өсті.
- Олимпиада жүлдегерлерінің саны үш жылда 45-тен 145-ке дейін өсті.
-Алматы облысының командасы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық олимпиадада 2-ші орынға ие болды.
Алматы облысы білім беруге белсенді инвестиция салуды жалғастыруда. Бұл халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.