– Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару бойынша Алматы облысы елімізде 1-ші орында. Немесе, халықтың 14% астықпен қамтамасыз отыр. Жалпы, қант, жүзім шырыны, көкөніс, құс және мал етін шығарудан да өңіріміз үздіктер қатарында, – деп атап өтті өңір басшысы.
Айта кету керек, бүгінде облыстың инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 2,8 триллион теңге болатын 289 жоба бар. Бұл бастама нәтижесінде 19 мың адам жұмыспен қамтылған.