Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының орталықтарында Ұлық мейрам Әз-Наурызды тойлау шаралары өтті. Жиынға тұрғындар мен, аймақтың ардагерлері, аудандардың құрметті ақсақалдары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған аудан мен ауыл тұрғындарын және барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады.
-Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің, жақсы істердің бастауы - Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Ел президенттінің тапсырмасы бағытында «Наурызнаманың» жаңа тұжырымдамасы дайындалды.
Осы тұрғыда қазақстандықтар еліміздің басты мерекесі "Наурызды" 10 күн қатарынан тойлау үстінде. Кеше облысымыздың орталығы Қонаев қаласында Наурыз мейрамын тойлау барысында халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің көрінісі ретінде Көш-керуен салтанат құрды.

Құрметті әлеумет! Өздеріңізбен бірге атқарған ортақ ісіміз өңірдің өсіп-өркендеуіне бағытталады. Бұл – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тынымсыз тірліктеріңіздің жемісі. Елдігімізді нығайтып, тұрмысқа тың серпін беретін байыпты бастамаларымыз бен жобаларымыз жалғасын табады.

Мерекелік жиында аудандардың дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып сөз сөйледі.
