Алматы мектептерінде теракт дайындалып жатқаны туралы хабар тарады

Көркем Алдабергенова 19 қаң. 2026 11:01

Алматы мектептерінде теракт дайындалып жатқаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпарат WhatsApp-топтарда тарады. 

Алайда Алматы полициясы мектептерде теракт болады деген қауесетті жоққа шығарды. 

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектептерде теракт жасалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Полиция департаменті бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын және жалған ақпарат екенін ресми түрде мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, қаладағы білім беру мекемелеріндегі жағдай тұрақты әрі толық бақылауда. Оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары мен төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Қазіргі уақытта фейк хабарламаның авторы мен бастапқы көзі анықталуда. Қатысы бар тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove