Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қала автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалатын болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз” - деді ол.
Еске салайық, 2023 жылы желтоқсан айының соңында автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Оқиға барысында 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.