Алматы әуежайында шу шығарған ақтаулық прокурор айыппұл арқалайтын болды

Көркем Алдабергенова 15 қыр. 2025 16:39

Ақтауда прокурор Ерболат Әбдіров ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алғашқы сот инстанциясы оның әрекетін құқық бұзушылық деп таппағанымен, облыстық сот бұл шешіммен келіспей, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды.

Іс материалдарына сәйкес, 27 тамызда түнгі сағат 23:00 шамасында Абдиров Алматы – Астана рейсінің жолаушыларын ұшаққа жеткізген автобустың ішінде адамдарға тіл тигізіп, тиіскен. Бұл әрекеттері қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Кінәсі хаттамамен, куәгерлердің сөзімен және әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілерімен расталды.

Алғашқы сот отырысында Абдиров кінәсін жоққа шығарып, шаттл автобусты «қоғамдық орынға жатпайды» деп түсіндірген. Дегенмен Алматы авиациялық көлік прокурорының апелляциясынан кейін облыстық сот алқасы оған қарама-қарсы шешім қабылдады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар