Алматы әкімдігі әйелдер митингін өткізуге рұқсат берді

Алматы әкімдігі әйелдер митингін өткізуге рұқсат берді
Алмас Қайсар
Қоғам қайраткері Бибінұр Шералиева Facebook желісіндегі парақшасында бастамашыл топтың митинг өткізуге әкімдіктен рұқсат алғанын жазған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғам белсендісі Бибінұр Шералиева Facebook желісіндегі парақшасында бастамашыл топтың митинг өткізуге әкімдіктен рұқсат алғанын жазған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында "Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!" тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз. Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан рұқсат берілді", - дейді қоғам белсендісі.

Осы тұста ол шеруде әйелдерге байланысты өзекті тақырыптар қозғалатынын атап өтті.

"Осыған байланысты сіздерді 7 наурыз күні сағат 12:00-де М.Ганди саябағында өтетін іс-шараға қатысуға шақырамын. Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады", - деді Шералиева.