Алғашқы алтын қоржынға түсті

Dalanews 27 қыр. 2023 06:39 777

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.

Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар