Түркістан облысына қарасты Алғабас ауылында тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жетісайдан тікұшақ арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршінге дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен туған ауылына әкелініп, бүгін жерленді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 18 қарашада Түркістан облысына қарасты Алғабас ауылында болған. Жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, тоғызы - балалар.
Мәліметке сүйенсек, өрттен қаза тапқан марқұмдар - бір әулеттің мүшелері.
19 қарашада өрттен аман қалған үшеудің бірі есін жиды.
