Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 10 қаз. 2025 07:00

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде әзірге ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонмен байланысты. Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі, шығыс пен орталықта – тұман, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.

Ауа температурасының фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар