Алакөл ауданынада қоғамдық жұмыскерлерге құрмет көрсетілді

Dalanews 17 нау. 2021 05:20 842

Күнделікті өмірде қолына сыпырғы, күрек ұстаған тазалық жанашырларын көреміз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай жұмысшылар көбінесе шаң-тозаңда, шақырайған күннің, шытынаған аяздың астында жұмыс істейді. Өйткенi, олар қала тазалығына жауапты екенін сезінеді.

Осыған орай, шұғыла көктемнің жайма-шуақ мерекесі қарсаныңда «Алакөл –  Ақжүрек» еріктілер тобы қоғамдық жұмыскерлерге құрмет көрсетіп, сый – сияпаттарын табыстады. Қалыс қалмаған нәзік жанды аруларымыз өз кезектерінде ерікті жастарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жалпы, аудан бойынша қоғамдық жұмысқа 535 адам тартылған. Оның 317-і ер азаматтар болса, 218-і әйел азаматшалар. Ал, аудан орталығы Үшарал қаласында 112 азаматша қоғамдық жұмыспен қамтылған.

«Туып-өскен жерім болғандықтан Үшарал мен үшін орны бөлек. Күн сайын көркейіп, өсіп келе жатқан қалаға өз үлесімді қосқаныма қуанамын», – дейдi көше сыпырушы.

Дерек көздеріне сүйенсек, аула, көше тазалаушылардың шетелдерде беделі жоғары. Мәселен, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында аула сыпырушылардың көмегі зор болған. Олар туристермен дұрыс сөйлесуді, қаланың ерекшелігі жөнінде алдын-ала дайындық курстарынан өткен көрінеді. Сөйтіп әлемнің түпкір-түпкірінен келген туристерге Лондонды қала сыпырушылар таныстырған. Тіпті, президенттер де аула жинаушы болған. Мәселен, Ресей Федарациясының экс-президенті Д. Медведев те еңбек жолын қала тазалаудан бастаған. АҚШ-тың экс-президенті Б. Клинтон да көше сыпырған. Сол себепті, қала тазалықшыларының қоғамда да өзіндік орны бар. Оған дәлел ретінде Ресейдің 10 қаласында аула тазалаушыларға арналған ескерткішін айтуға болады.

Иә, «Тазалық – денсаулық кепілі»- демекші, қызметкерлердің еңбегін бағалап, түсіністікпен қарау әрбір азаматтың қолынан келетін ізгі істердің бірі екені сөзсіз.

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар