Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды DalaNews.
Дереккөздердің мәліметінше, қалалық полиция басшылығының көмекшісі, сержант Асет Жақсылықов ұсталған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігі («Қызметтегі әрекетсіздік») бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу аясында тағы бір маңызды жайт тексерілуде "күдікті атышулы жол апатында «шашка» ойнап, жарысқан екінші жүргізуші болуы мүмкін деген болжам бар.
Сонымен қатар, оның тікелей басшысы Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Құқық қорғау органдарындағы бұл жағдай қоғамда резонанс туғызып, полиция жүйесіндегі жауапкершілік пен бақылау мәселесін қайта көтерді. Тергеу жалғасып жатыр.
