Алматының Бостандық ауданының әкімдігі әл-Фараби даңғылын көгалдандыру жұмыстары неге түнде жүргізілмейтінін түсіндірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылының бойындағы аумақты абаттандыру жалғасуда.
Аудан әкімінің аппараты даңғылдың екі жағынан - оңтүстік және солтүстік жағынан суару жүйесін салу жөніндегі жобаны іске асырады, сондай-ақ орталық бөлу жолағын көгалдандыруды жүргізеді.
Көлік жүктемесін азайту үшін жұмыстар келесі кесте бойынша ұйымдастырылған:
- 08:00 - ден 12:00-ге дейін - әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында;
- 13:00 - ден 17:00-ге дейін - оңтүстік жағында.
«Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жұмыстар жүргізілмейді», - деп атап өтті аудан әкімдігінде.
Барлық жұмыстардың болжамды аяқталуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.
Әкімдік жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрады.