Бас прокуратура активтерді қайтару ісі қалай жүріп жатқанын айтты. Соңғы деректер бойынша 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еңбек қатынастары саласында прокуратура қабылдаған шаралармен 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынған.
Мемлекет басшысының инвестициялар бойынша берілген тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокурорлар 32 трлн теңгеге 770 инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. 350инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңгені құрады.«Прокурорлық сүзгі» арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті (тексерулердітағайындау туралы, әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы). Қарау нәтижелері бойынша келісуден бас тартылғаны: 31 - шектеулер бойынша, 71 - тексеру тағайындау бойынша, 170 -әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша.
Бүгінгі таңда 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).
Жалпы, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамныңқұқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.
Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрдтеңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.
Криминогендік жағдай прокуратураның тұрақты бақылауында.
Жалпы, 8%- ке қылмыс төмендеді (61 422-ден 56 369-ға дейін).
Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астамазаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті.
Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардыңнаразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адамақталды.
708 заңсыз ұсталған адам босатылды.
Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберген.