Алматы облысы әкімдігі Тұздыбастау ауылдық округі әкімі мен ауыл тұрғыны арасындағы дауға қатысты хабарлама тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал орын алған.
Қазіргі уақытта Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде.
Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады.
Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады.
Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыруда.
Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз.