Әкімдік Амандық Баталовқа қатысты жалған ақпаратты жоққа шығарды

Dalanews 11 шіл. 2020 03:43 717

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімі Амандық Баталов қаза болды деген жалған ақпарат тарағаны белгілі. Осыдан кейін шұғыл түрде Алматы облысы әкімдігі мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

«Әкімдік әлеуметтік желіде Амандық Баталов жайында тараған алыпқашпа ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды» делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазіргі таңда жалған ақпарат таратушыны анықтап, жауапкершілікке тарту ісі қарастырылуда.


Бұған дейін Алматы облысы әкімі Амандық Баталов вирус жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген болатын. Қазіргі таңда облыс басшысы Нұр-Сұлтан қаласында ем алып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар