Әкім қаланы таңғы аралау кезінде үлескерлер мәселесіне назар аударды

Dalanews 22 қаз. 2019 05:32 711

Елорданы таңғы аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс объектісіне тағы барып, «Комфорт de luxe» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен тілдесті.

«Комфорт de luxe» тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің саны 200-ден астам адамды құрайды. Шатырды жөндеу, ғимараттың қасбеті, пәтерлердің ішкі әрлеуі бойынша жұмыстар аяқталған.

Енді инженерлік желілер салынды. Үйлерді инженерлік желілерге қосу мен аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау қалды.

Үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Елордада барлығы 51 проблемалық нысан бар (76 үй). Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 үй пайдалануға беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар