– Қазір VI шақырылым. VI шақырылым уақытында 347 сессия мен 2400-ден астам сұрақтар талқыланды. Бұл тұрғындарға тікелей байланысты мәселелер. Егер біз өмір сүру сапасының артуы туралы айтатын болсақ,
1998 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 65 жыл болса, қазір 76 жасқа дейін өсім байқалады. Бұл нақты нәтиже.
Егер 10 жыл бұрын елордада 605 мың адам тұрса, қазір 1 миллион 200 мың адам тұрып жатыр.
Сәйкесінше, әлеуметтік объектілерге жүктеме өсуде, оларды шешу үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сіздерді мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Сіз үлкен және жауапты жұмыс атқарып келесіз, – деді елорда әкімі А. Көлгінов.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік сала, үлестік құрылыс, білім беру және медицина мәселелері қаралды. Сондай-ақ елді-мекендерді, жол инфрақұрылымын, газдандыруды және т. б. дамыту мәселелері көтерілді.