– Киелі Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойын 16, 17 және 18 қараша күндері өткізу үшін дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз. Өткенімізден сабақ алып, жаңа құрылған ауданымыздың болашағын дұрыс бағытқа бағдарлау – мерекеміздің басты мақсаты. Сондықтан, ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын атап өтудің маңызы зор деп ойлаймын, – деді Алтын Ешанқұлова.
Мақтаарал ауданындағы әжелер қоғамдық ұйымы ауданда өтетін іс-шаралар мен айтулы даталарға белсенді түрде қатысып, жас ұрпақтың ұлтжанды, патриот болып өсуіне өз үлестерін қосып келеді. Сондықтан әжелер ұйымның 90 жылдық мерейтойға өз тараптарынан тарту таралығы ұсыныу аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі десек болады.
Мырзакент кентінің әкімі М.Ердешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер қоғамдық ұйымының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Елбасымыздың сыныптасы Р.Төлемисовалар салтанатты кеште сөз сөйлеп, ауданның 90 жылдық мерейтойымен барша мақтааралдықтарды құттықтады.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі