Air Astana компаниясының тағы бір ұшағы апатты жағдайда қонды

Dalanews 18 жел. 2025 09:24

Алматыдан Бангкокке бағыт алған Air Astana ұшағы түн ортасында Делиге мәжбүрлі түрде қонған. Ұшақ бортындағы жолаушылардың айтуынша, сол жақтағы қозғалтқыштан жарылыс даусы шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл ұлттық әуе тасмалдаушы компаниядағы бір күнде болған екінші апатты жағдай. 17 желтоқсанда Алматыдан Астанаға ұшып шыққан Airbus A321 бортында түтін шығып жолаушылардың есін шығарған. Ұшақ экипажы көмек сұрап MAYDAY дабыл белгісін жариялаған. Артынша Алматы әуежайына ұшып келіп қонды.

Ал екінші апатты жағдай халықаралық рейсте болды. Алматы-Бангкок рейсіндегі жолаушылар сол жақ қозғалтқыш маңынан жарылыс даусын анық естідік дейді. Артынша ұшақ төмендеп, салон ішінен күйген иіс шыққан. Сосын экипаж ұшақты Дели қаласына қондыруға мәжбүр болыпты. Екі сағаттай күткен жолаушыларға ары қарай ұшпаймыз деген хабар жетіпті. Қазір жолаушылар әуежай терминалында отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар