Орыстар Карл ІII деп атаса оған тарихи себебі бар. Ал қазақтардың таққа отырған монархты Чарльз ІІІ деп атауы үлкен қателік.
Өйткені біз орыстың бодауындағы ел емеспіз. Бәрі осындай қарапайым дүниелерден басталатынын ұмытпайық. Әрбір сөзімізге мұқият болайық!
Президент Тоқаев жаңа монархты таққа отыру рәсімімен құттықтап жолдаған жеделхатында Чарльз ІІІ деп атағанын басшылыққа алуымыз керек.
Бүгінде біздер Бейжіңді орысша Пекин демейміз ғой. Сол сияқты Чарльзді Карл деп орысша бұзып айтуымыз әбестік болады. Мұны ағылшындар естісе "мына байқұс қазақтар әлі күнге дейін орыстың боданы екен" деп айтуы мүмкін. Айтпаған күннің өзінде де солай ойлайтыны анық.
Соныдқтан бұған сақ болайық!
https://dalanews.kz/del-qazir/81320-qazaqstan-qytay-qatynasy-tauar-aynal
https://dalanews.kz/news/81400-biznesimdi-inime-tapsyrdym-tarazd
https://dalanews.kz/news/81395-v-kazakhstane-utverdili-7-letniy-prezid