ШҚО-ның Ұлан ауданында 52 жастағы ер адамның үйінен заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адамның үйін тінту кезінде бір ұңғылы аңшылық тегіс ұңғылы мылтықтың қолдан жасалған қысқартылған нұсқасы, дабыл револьвері және 50-ге жуық патрон тәркіленген.
Ер адам қару мен оқ-дәрілердің марқұм ағасынан қалғанын түсіндірген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қаруды немесе оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Құқық қорғау органдары қару немесе оқ-дәрі табылған жағдайда оларға қол тигізбеуге және өз бетінше орнын ауыстырмауға шақырды. Мұндай жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет.
Полицияның мәліметінше, кез келген қару заңнамада белгіленген тәртіппен ғана сақталуы және пайдаланылуы тиіс.