Адвокат Қаржаубай Нұрымовтың отбасына қатысты жаңа дерекпен бөлісті

Көркем Алдабергенова 22 шіл. 2025 16:10

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовтың отбасына байланысты тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Нұрқанаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде “Доктор” деген лақап атпен танылған блогер Бауыржан Абдрахманов Қаржаубайдың отбасына қатысты бейнежазба таратқан.

"Нұрқанаттың анасының айтуынша, сол күні “Доктор” аталып кеткен Бауыржан меАбдрахманов Қаржаубайдың отбасын тақырып еткен бейнематериал жариялаған. Алайда жәбірленуші деп танылған Жұмабике есімді азаматшаның блогерді жауапқа тарту туралы шағымы қараусыз қалған. Бұдан бөлек, Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабына сәйкес тексерілуі тиіс күмәнді тұстар толық зерттелмеген", – деді адвокат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бауыржан Абдрахманов Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймованы суицидке итермеледі деген күдікпен ұсталған болатын.

Сот шешімімен ол 2 сәуірде 20 тәулікке қамауға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар