Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль сыйлады

Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль сыйлады
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Финалда Әділжан Жаудинов Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.