“Әбу-Даби Плазадағы” төбелестің сыры мәлім болды (видео)

Dalanews 03 қыр. 2017 08:04 757

2 қыркүйек күні кешкі 21:00 шамасында “Әбу-Даби Плаза” кешені құрылысы аумағында күзет компаниясы қызметкерімен үндістандық жұмысшы арасында тұрмыстық ерегес болып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Осы мәселеге байланысты ҚР ІІМ кеше Астананың сол жақ жағалауының қоршауға алынуына байланысты түсініктеме берді.



“2 қыркұйек күні 20:35-те “Әбу-Даби Плаза” кешені құрылысы аумағында үндістандық және қазақ жұмысшылар арасында қақтығыс болды. Дау күзетшінің мас күйдегі үнді жұмысшысын нысан аумағынан шығармай қоюынан басталған. Сосын ол өзінің отандастарын шақырып, күзетшіні сабап, кейін күзетші үшін қазақ жігіттері араша түсіп, төбелес басталады. Төбелеске 30-дан астам адам қатысқан. Оқиға орынына Үндістан елшіс, жергілікті билік өкілдері мен компания адамдары келді”, – деді баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаев.



Оның сөзінше, ішкі істер қызметкерлері оқиға әрі қарай өрбіп кетпес үшін тиісті шараларды жүргізген. Қақтығыс кезінде құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек екі адам ғана жеңіл жарақат алған.

Оқиғандан кейін Әбу-Даби Плаза аумағын құқық қорғау органдары мен арнайы жасақ қоршауға алып, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Сонымен қатар, дау кезінде оқиға орынына келген қала әкімі Әсет Исекешев те жағдайды барынша түсіндіруге тырысқан.

 

https://www.youtube.com/watch?v=sd1YFG3eoYU

 

https://www.youtube.com/watch?v=DLFZSm-r8ME

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар