Әбиба Әбужақынова Азиада алтыны үшін финалда күреседі

Әбиба Әбужақынова Азиада алтыны үшін финалда күреседі
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Жапонияда өтіп жатқан Аичи–Нагоя Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбужақынова ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Деймен белдесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппонмен жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады.

Енді Әбиба финал жолдамасы үшін Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Чэнь-Хаомен кездеседі. Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы бұл қарсыласын 2024 жылғы Париж Олимпиадасында да иппонмен жеңген еді.

29 жастағы Әбужақынова қазір әлемдік рейтингте 19-орында тұр. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.