Абай облысында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіліп жатыр. Мейрамға арнайы құрылған бағдарламада: ұлттық ойындарға, түрлі қойылымдар, концерттер және т.б. өңірде бұрын-соңды болмаған іс-шаралар бар.
«Бүгін міне, хакім Абай туған топырақта, Ұлыстың ұлы күні – кең пейіл, ақ ниет, достық көңіл, елдік мүдде тұрғысынан ерекше атап өтіп жатыр. Ылайым, халқымыздың берекесі артып, мерейі үстем болсын! Күн мен түнді теңеп, іргемізді ізгілікке бөлеген әз-Наурыз баршамызға шаттық сыйласын! Бағыты айқын, мақсаты биік, тағдыры ортақ Абай елінің абыройы асқақ, мерейі үстем болсын!», - деп аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев тұрғындарды құттықтады.

Бұдан бөлек облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарына арнап былғары зауыты, Қарағайлы шағынауданында, Әуезов алаңы, теміржол вокзалы алдында театрландырылған қойылымдар қойылады. Қалада барлығы 30 киіз үй тігілді.

Айта кетсек, Наурыз мейрамын Абай облысында кең көлемде атап өту жалғаса береді. Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес өңірдің қала және аудандарында іс-шаралар айдың аяғына дейін ұйымдастырылады.