Freedom Inside '26

Абай облысының туристік аймақтарында заман талабына сай дәретханалар пайда болды

Абай облысының туристік аймақтарында заман талабына сай дәретханалар пайда болды
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының туристік орындарына 9 заманауи дәретхана орнатылып жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Абай облысының танымал туристік бағыттарында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 9 заманауи санитарлық торап орнатылып жатыр. Жаңа үлгідегі дәретханалар Алакөл, Қарауылтөбе, Жидебай және Семей қаласындағы демалыс аймақтарын қамтиды.

Атап айтқанда, санитарлық тораптардың 3-еуі – Алакөл жағалауына, 3-еуі – Абай ауданының орталығы Қарауылтөбеге, 1-еуі – Жидебайдағы Абай кесенесінің маңына, ал 2-еуі – Семейдегі Түйемойнақ аралындағы саябақ аумағына орнатылады.

Жоба аясында орнатылып жатқан санитарлық тораптар – толық жабдықталған, заманауи талаптарға сай келетін модульді құрылымдар. Олар бұрын Астанада өткен Көшпенділер ойындары кезінде пайдаланылған тәжірибенің негізінде жасалған.