Абай облысындағы қайғылы жайт: санитариялық авиация борты Астанаға ұшып шықты

Сағыныш Сардарова 20 там. 2025 14:58

Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Науқастарды Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған.

"Бортта балаларға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасы бар. Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалады, жедел емдеу жоспарын жасады", - деп жазылған хабарламада.

Тоғыз жастағы қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д.Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар