"Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді", – деп хабарлады Абай облысындағы орман өрті бойынша құрылған Бас штаб.
Сонымен қатар, өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру және шашу жүзеге асырылатыны да нақтыланады.
Айта кетсек, бүгін таңертең Абай облысындағы өрт бүгін-ертең толық өшірілуі мүмкін екені хабарланған еді. Дегенмен бұл өрт сөндіру жұмыстары 1-2 күнде толық аяқталады деген сөз емес.
Себебі орманның ішінде топырақтың беткі қабатында шамамен 20 сантиметр тереңдікте сөнбеген шоқтар болуы мүмкін. Жел үрлесе, ол тағы да тұтанып, орман өрті қайта басталып кетпес үшін бұл жердегі жұмыстар тоқтатылмайды.