Алматы облысында Ұйғыр ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Талғат Ескендірұлы Байеділов Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Талғат Байеділов 1972 жылы 16 маусымда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы колхоз жұмысшысы ретінде бастаған. Кейін қаржы-экономика саласында, "Қазпошта" АҚ жүйесінде және жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызмет атқарған.
2008-2010 жылдары Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, 2010-2011 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2011-2018 жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2018-2023 жылдары Кеген ауданының әкімі болды. 2023 жылы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, кейін мәслихат төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылғы наурыздан осы уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2019 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Айта кетейік, Ұйғыр ауданының бұрынғы әкімі Бота Елеусізова жақында Құрылтай депутаты атанған.