Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Үржар ауданының аттас ауылында ТЖД және ҚР ТЖМ 68303 ә/б әскери қызметшілерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қарабұлақ өзенінде су тасқынына қарсы келесі іс-шаралар өткізілді:
- өзен арнасының 100 м тазартылды;
- 300 м жағалауды нығайту жүргізілді;
- 300 қап инертті материал төселді.
Елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасуда.