Абай облысында шегірткенің таралуына тосқауыл қойылды

Жарбол Кентұлы 13 мау. 2024 12:03 2554

Абай облысының ауылдық аймақтарында зиянкестерге қарсы уақытылы өңдеу шегірткелердің шабуылымен тиімді күресуге және олардың таралуын болдырмауды қамтамасыз етті. Десек те болашақ егінді сақтау үшін жағдай үнемі бақылауда ұстаудың маңызы зор, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаевтың айтуынша, шегірткеге қарсы күрес облыстың 8 ауданында қарқынды жүргізілуде. Шегірткеге қарсы өңдеудің жалпы есептік ауданы 77,4 мың гектарды құрайды.

– Бүгінгі күнге зиянкестерге қарсы күрестке 1 аса жеңіл авиация және 13 жер үсті желдеткіш бүріккіштер жұмылдырылған. Үйірлі шегірткелерге қарсы күрес бойынша іс-шаралар 8 ауданда (Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар және Жаңасемей аудандары) жүргізілуде. Қазіргі таңда 19,13 мың гектар жер (Азиялық шегіртке – 6,03 мың гектар, итальяндық прус – 13,1 мың гектар) өңделді, – деп атап өтті басқарма басшысы.

Ағымдағы жылы шегірткелерге қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, «SATTI TULEK» ЖШС мердігер болып белгіленген.

– Саяқ зиянкестердің  таралу аумақтары бойынша 5 ауданда өңдеу басталып, 2 мың гектар жер өңделді. 12 маусымда Аягөз қаласының Қарауыл ауылының (Ақшатау ауылдық округі) автотрассасының 5-45 шақырымында, Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылдық округінің аумағында шегірткенің таралуы байқалды, – деп қорытындылады Ертай Қуанбаев.

Ауыл шаруашылығы басқармасы аталған жерге 4 бүріккіш техниканы дер кезінде жіберіп, дәл уақытында өңдеу жұмыстарын жүргізіп, қауіпті алдын алуда. Сондықтан қазіргі уақытта  облыс бойынша ешқандай қауіп жоқ десе болады. Жалпы жағдай бақылауда, шегірткелердің кең таралуы күтілмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар