Абай облысындағы көктемгі әскерге шықыру маусымында 580 жас сарбаз қабылданбақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нығмет Ахметұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
– Биылғы көктемде Абай облысынан 580-нен астам азамат әскерге шақырылады. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына – 250, Ұлттық ұланға – 200, ҰҚК Шекара қызметіне – 110, Мемлекеттік күзет қызметіне – 6 және Төтенше жағдайлар қызметіне 15 бозбала алынбақ, – деді спикер.
Әскерге шақыру комиссияларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Баспасөз мәслихаты барысында Нығмет Ахметұлы да әскери қызметкерлердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап, олардың қызметке белсене қатысуының маңыздылығына тоқталды.
– Қазір әскерге шақырылғандар кредиттік демалыс алып, әскери-есептік мамандықтар бойынша білім алуда. Еліміздегі 70-тен астам жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға қосымша жеңілдіктер жасау туралы келісім жасасқан.
2024 жылы осы санаттағы азаматтарға 5 мың мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ шәкіртақы мен жатақханада тұрудың басым құқығын беру жоспарлануда, – деп атап өтті департамент басшысы.