"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 23 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
"Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70", – делінген хабарламада.