90 мың сарбаз сақадай-сай. NATO Ресейге шабуыл жасауы мүмкін – Ертісбаев

Dalanews 31 қаң. 2024 16:11 4609


НАТО-ның қырғиқабақ соғыстан кейін ең ірі жаттығуы басталды. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев өзінің YouTube-арнасында пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.



“НАТО Ресейге шабуыл жасауы мүмкін. Алайда бұл ұйым мұны ашық айтпайды. Ең басты стратегиялық алянс құжатында Ресей НАТО-ға мүше елдерге тікелей қауіп төндіретін ел қатарына жатқызылған. Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус өз сөзінде Ресей тарапынан болатын шабуылға дайын болу қажеттігін айтқан. НАТО Прибалтика, Польша, Батыс Балқан, Молдавия шекрасындағы ыстық нүктеде. Ұйым тарапынан мұндай ірі оқу-жаттығу өткізілейін деп жатыр. Бұл жай емес, 90 мың сарбаз, 31 мемлекет, 50 кеме, 80 жауынгерлік ұшақ, 133 танк т.б. қатысатын оқу-жаттығу мамыр айына дейін созылады” – дейді Ермұхамет Ертісбаев.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар