Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол ел күткен баспана жобасының іске қосылатын мерзімдін де атады.
"Иә, бұл бағдарлама іске қосылады. Республикалық бюджет пен Отбасы банктің бірлесе қаржыландыруы арқылы жүзеге асатын болады. Яғни, бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Асханұлы айтқан мәселелер пысықталған. Ол өзінің белгіленген мерзімінде жұмысын бастап кетеді", - деді Роман Скляр.
БАҚ өкілдерінің сауалына орай, шенеунік ол мерзімнің биылғы 1 наурыз екенін растады.