Бизнес өкілдері мен қарапайым халыққа үн қатқан вице-премьер карантин ережесін сақтамаған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін ескертіп өтті.
"Ал шағын және орта бизнес өкілдері айтқанға құлақ аспай, талапты бұзар болса 230 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді. Тиісті қаулыны осы аптада қабылдаймыз", – деді Тоғжанов.
Вице-премьер 5 шілдеден астап бірқатар өзгеріс енгізілерін, оның ішінде 3 адамнан артық серуендеуге тыйым салынатынын, қоғамдық көлік қозғалысы шектелетінін айтты.
Еске салайық елімізде 1 АЕК 2778 теңгені құрайды. 30 АЕК - 83 мың теңгеге тең. Ал 230 АЕК - 638 640 теңге.