8 наурызға орай кімдер біржолғы төлем алатыны белгілі болды

Сағыныш Сардарова 05 нау. 2026 09:29

Қазақстанның бірқатар өңірінде көпбалалы аналарға және мемлекеттік наградалары бар әйелдерге 8 наурызға орай біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана

Елордада шамамен 37 мың тұрғынға төлем беріледі. Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналар 2,5 АЕК көлемінде, яғни 10 813 теңге алады.

Ақмола облысы

Төлем мөлшері ауданға қарай өзгереді:

  • 5 АЕК (21 625 теңге) - Көкшетау, Степногорск, Қосшы, Бурабай және Есіл аудандарында;

  • 3 АЕК (12 975 теңге) - Аршалы, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Зеренді және Целиноград аудандарында;

  • 2 АЕК (8 650 теңге) - Сандықтау ауданында.

Қарағанды облысы

Бұл өңірде 25 мыңнан аса адам қамтылады. Көпбалалы аналар мен төрт және одан көп баласы бар отбасыларға 20 мың теңгеден төленеді. Бұдан бөлек әлеуметтік осал топтарға мерекелік дастарқан ұйымдастырылып, азық-түлік себеттері таратылады.

Маңғыстау облысы

Көпбалалы аналарға 15 мың теңге көлемінде төлем қарастырылған. Көмек шамамен 14 мың адамға беріледі.

Ұлытау облысы

Көпбалалы аналарға 20 мың теңгеден төленеді. Аймақта бұл санатқа 9 375 ана кіреді.

Шымкент

Мегаполисте 14 267 әйелге 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңгеден біржолғы төлем беріледі.

Бұл көмек "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған немесе "Батыр ана", "Ана даңқы" ордендері бар көпбалалы аналарға қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove