8 жыл күткен игілік: Астананың жылу қазандықтары шетінен газға қосылып жатыр

Dalanews 04 қыр. 2023 02:58 1104

Астанада қаланы газдандыру аясында құрылысы аяқталып, қаланың «газ шеңберін» кезең-кезеңімен іске қосу басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүзеге асқан жоба қала тұрғындарын сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба «Тұран», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына, Үркер (Ильинка), Пригородный, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне жоғары қысымды желілерді қосуды қамтамасыз етті.

Жобаны іске асырудың арқасында автономды қазандықтардан орталық газбен жабдықтауға «Будапешт», «Cosmic City», «Family Town» көппәтерлі тұрғын үй кешендері қосылды.

Сол сияқты жақын арада «Куршевель» тұрғын үй кешені қосылады. Бұл үйлердің тұрғындары тұрғын үй кешенін орталық газбен жабдықтауға көшіру туралы қала әкімдігіне бірнеше рет өтініш берген болатын. Енді тұрғындар өздерінің көптен күткен газдарына қолдары жетіп, қуаныштары қойындарына сыймай жүр.

Бүгінде бас қаламызды газдандырудың маңызы зор. Газдандыру ісі қала тұрғындарын тұрмысын жақсартып қоймайды, сонымен қатар шаһардағы экологиялық ахуалдың жақсаруына да септігін тигізеді. Бұл қала тұрғындары үшін өте маңызды.

Табиғи газды пайдалану тұрғындардың жылу ақысын айтып, сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде туындаған проблемаларды барынша шешеді.


Биылғы күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының құрылысы, «Тұран» станциясының бірінші кезегі, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тің бірінші кезегі аяқталды. Жылумен қамтитын үш нысанның қуаты – 1140 Гкал/сағ. Осылайша, биылғы жылыту маусымында қалада жылу профициті байқалады.

Келесі жылы бірінші кезекте «Телман» газ жылу станциясын және екінші кезекте «Тұран» газ жылу станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар