Мәжілістегі Үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палата өкілі Тілеген Қаскин кейінгі бес жылда жоғары білім беру саласына бөлінетін қаражат 246 млрд теңгеден 472 млрд теңгеге дейін көбейгенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар, ол "Болашақ" бағдарламасына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Оның мәліметінше, министрлік шешімімен 340 үміткерге 7,7 млрд теңге көлемінде стипендия жалпы талаптарға сай келмесе де жеке тәртіппен берілген.
Бұдан бөлек, 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс тағайындалған. Әсіресе, жасанды интеллект бағыты бойынша жоспардың орындалуы назар аудартқан: қарастырылған 54 гранттың 5-еуі ғана беріліп, қалған 49-ы өзге бағыттарға бөлініп кеткен.
