60-тан астам жәбірленушіге аса ірі көлемде зиян келтірген адам ұсталды

Көркем Алдабергенова 03 қыр. 2025 18:00

60-тан астам жәбірленушіге аса ірі көлемде зиян келтірген адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде берген.

Қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін ол 60-тан астам жәбірленушімен жалған несиелік келісімдер жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген.

Келтірілген шығын 330 млн теңгеден астам.

Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып, соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер анықталуда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін назарға салады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар