500-ден астам қазақстандықты сан соқтырған алаяқ сотталды

Қаракөз Амантай 26 ақп. 2024 09:48 1816

Астанадағы "Eolus" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушыcы бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 535 адамның қаржысын жымқырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" ЖШС-ны тіркегені анықталды.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған "energyeolus.info" платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.

Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз. Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта "Baiqa, piramida!" телеграм боты жұмыс істейді", - делінген ҚМА ақпаратында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x