50-ге жуық адамның 82 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ сотталды

Көркем Алдабергенова 22 шіл. 2025 19:00

Қайталап қылмыс жасаған алаяқ тұрғындарды ондаған миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыскер табысты кәсіпкердің кейпін жасап, оның қылмыстық ниетінен бейхабар азаматтардың сенімсіздігін пайдаланып, жалған келісім-шарттар жасау арқылы алданған клиенттерді Ресей Федерациясынан бәсекеге қабілетті бағамен еден сатып алу мүмкіндігі туралы жаңылыстырған.

Сотталушы әлеуетті сатып алушыларды әлеуметтік желілерде өзінің жалған әрекеттерін белсенді түрде жарнамалай отырып, шетелден құрылыс материалдарын жеткізуде қалыптасқан байланыстар туралы сендірген.

Мысалы, жәбірленушілердің біріне 6 млн теңгеден астам залал келтірілген, бұл қаражатты қылмыскер өз қалауы бойынша жұмсаған.

Сотталғанның қылмыстық әрекетінен барлығы 49 адам - жалпы сомасы 82 млн теңгеден астам шығынға зардап шеккен.

Сотта прокурорлар сотталушының өз міндеттемелерін орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, жеткізу шарттарын өзінің қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында жасағанын, жымқырылған ақшалай қаражатты жеке мақсатта жұмсағанын дәлелдеді.

Сонымен қатар, сотталған адамосыған ұқсас алаяқтық фактілері үшін бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды.

Дәлелдемелердің бұлтартпас болуына байланысты сотталушы өз кінәсін толық мойындады.          

Қылмыскер 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді мәмілелерге бармауғы шақырады.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар