"50-де балалы болған керемет екен": актер Қажет Смағұл сүйінші жаңалығын жариялады

"50-де балалы болған керемет екен": актер Қажет Смағұл сүйінші жаңалығын жариялады
instagram.com/kajet_smagul

Танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында отбасында қуанышты жаңалық болғанын хабарлады. Өнер иесі балалы болғанын айтып, сезімін бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Актер Instagram парақшасында отбасының толыққанын жеткізіп, көпшіліктен жағымсыз пікір жазбауды өтінді.

"50-де балалы болған керемет екен. Отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар", – деп жазды Қажет Смағұл.

Өнер иесі әзірге сәбидің жынысы мен есіміне қатысты басқа мәлімет жариялаған жоқ.

Актердің қуанышты жаңалығына желі қолданушылары мен оқырмандары пікір қалдырып, отбасының жаңа мүшесіне амандық тілеп жатыр.